Шытырман

lat: Shytyrman

зат. Биік əрі ну болып қалың өскен өсімдіктер (ағаш, бұта, шөп т.б.). Малтабар Мəмше батырдың отауына жалаңаш қыратпен емес, жарқабаққа өскен шытырманның бір қабат жиегімен барады. (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 2, 43). Абадан белгі алған Малтабар жарқабаққа еппен өңкеңдей жетіп, қалың шытырманның аяққа оралуына, бетін осуына қарамай жылдам қимылмен жүрді де, «отау осы болды» деген мөлшерде, күрт көтерілетін биікке тырмыса өрледі (Бұл да).