СОЯУ

lat: Soıaý

 зат. 1. Өсімдіктердің жапырақ пен бүрінен айрылған сида сабағы мен үшкір қылқандары.

Аласа ағаш өсімдігі, сояуы сирек, жіңішке, 12 15 мм (К. Шалекенова, Жеміс.).

Жүзген мен сексеуіл әлі бүр жармапты, сояу қалпы (Ә. Кекілбаев, Бір уыс.).

Қазір шөп қатайып, бүршігінен арылып, сояу тартқан кез (К. Боңасов, Әке.).

2. Тікен, шөгір.

Тораңғылдың басын тұжырып қоятыны елден ерек сереймесін, өзге ағаштармен тең өссін дегені: сояу болмай, жапырақты, күлтелі, паналы болсын дегені (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ол сүйенемін деп тікенек қабады, алақанына сояу кіреді (Ж. Жұмақанов, Мен жұмысшы.).

Табаныма сояу кіргендей (Н. Қазыбеков, Тұсаукесер.).

Мынау белеңдерден жалаң аяғын сояу тілген жалшыларды көруші еді (К. Қазыбаев, Дәуір.).

3. ауыс. Ірі, ұзын, сойдақ.

Себелеп құйған қара нөсерден айылын жимаған тек сойдақ сояу қара тас қана (Ә. Кекілбаев, Дала.).

Ағаш күнге талпынады, күнге өрлеген ағаш өзгеден бой асырам деп, сояу болады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Сояу тістер ақсиған (М. Жаманбалинов, Ашық.).

Аралдағы сәні кеткен сояу ағаштар (Ж.Аймауыт, Шығ.).