СОЯ

lat: Soıa

зат. Әр түрлі тағам әзірленетін бұршақ тұқымдас дақыл.

Белоктар етте, балықта, жұмыртқада, сүтте, сүттен жасалған тамақтарда, ас бұршақта, сұлыда, сояда көбірек кездеседі (Б. Омарұлы, Жүрек. ауру.).

Соя ертеден белгілі, жер шарына көп таралған бұршақ тұқымдас дақыл (X. Боранғазиев, Жемшөп.).

Зығырдың, күнбағыстың, сояның күнжарасы ең құнды деп есептеледі (А. Елеманов, Қой шаруаш.).