Сұлы

lat: Suly

Сұлы дақылының дəні.

Шаналарда тиеулі қап-қап бидай, сұлы, арпа, ұн, жəшік-жəшік май (С.Сейфуллин, Тар жол тайғ., 357).

Аттары түнімен балауса жоңышқаға бөгіп тұрды да, ертемен суарылып, бір-бір табақ сұлыдан соғып алған-ды (Ғ.Сланов, Асау арна, 18).

Белді қынай буғанмен, Арғымақтан туғанмен, Сұлыға тойған қазан ат, Маған қайтып жетерсің (Айтыс, 1, 201).