lat: Syrt kóz.
Бетен, бөгде, жат көз.
Сырт көзге бейқам бозбала,
Жоқтай-ақ қойда саудасы.
«Суардым» десе – сөз ғана,
Ол емес, мотор – қауғашы (Ж.Молдағалиев, Кісен ашқан).
Өз ауылына баруға бел байлаған соң Абай екі-үш күннен бері көп асығып, көп дегбірсізденген. Сырт көзден жасырса да, Әйгерімді қатты сағынып, көп қобалжушы еді (М.Әуезов, Шығ.).
Романның бірінші кітабы сырт көзге ғана бітпеген сияқты («Жұлдыз»).