lat: Syzdyq
зат. қ. өнер. Сəндік үшін жүргізілетін жіңішкерек алтын күміс талшықтары.
Ол темірлерге қақталған күміс шабылады. Сыздықтар, ширатпалар жүргізіледі. Үзбелер, шытыралар қағылады. Маржан тасты қозалар орнатылады (Ж.Бабалықұлы: Ер қанаты, 260).
Шыңылтыр жарғақтарға тігілетін кесте, жүргізілетін сыздық, бастырылатын баспа, салынатын оюлар қанша! (Жұлдыз, 1974, №9, 185).