lat: TÁÝELDİ
сын. Біреуге, бір нәрсеге бағынышты, байланысты.
Біз табиғатқа әлі де көп-көп тәуелді екенімізді жасырмаймыз (Ж.Исмагұлов, Адам.).
Өсімдіктің құнарлылығы, судың сапасы, топырақтың химиялық құрамына тәуелді (С.Омаров, Қой. бағу.).
Қоғамдық өмірдегі, қоғамдық қатынастар мен мәдениет саласындағы прогресс өндіргіш күштердің дамуына тәуелді («Қазақст. мект.»).
Функцияны көрсетіп беру тәсілдерінің бірі мынадай: тәуелсіз айнымалы х-тің әрбір мәніне тәуелді айнымалы у-тің (немесе функцияның) сәйкес келетін мәнін табу үшін, х-ке қандай амалдарды қандай тәртіппен орындау керектігін білу (О.А.Жәутіков, Жоғары математикаға кіріспе).