lat: TÁÝELDİLİK
зат. 1. Бағыныштылық, байланыстылық.
– Иә, табиғатқа тәуелсіз нәрсе бар ма?! Бәрі де тәуелді. Бірақ, тәуелділікті кейде өз қолымыздан жасайтынымыз да әлі қалмай келеді-ау (К.Ахметбеков, Ақдала).
– Міне, осылай еткенде ғана, балықшының табиғатқа тәуелділігі жойылады (3.Шүкіров, Жас жесір).
Экономикалық тәуелділік сөзсіз саяси тәуелділікке әкеліп соғады («Соц. Қаз.»).
2. инф. <dependence> Функция мен оның аргументтері арасындағы қатынас; мәліметтер базасындағы мәліметтер ассоциациясы (Қаз. тілі термин. Информатика.).