lat: TÁÝLİK
зат. Күн мен түнді қоса есептегенде ұзақтығы 24 сағатқа тең уақыт, мерзім.
Он төрт тәулік бойы теңіз үстінде болдық (А.Нұрманов, Құлан.).
Ол кезде жолаушы таситын поезд кенге тәулігіне бір-ақ рет қатынар-ды (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).
Біздің дивизионның жауынгерлерінің тамақтанбағанына екінші тәулік болды (Ж.Қизатов, Өмір.).