ТӘЖІРИБЕЛІК

lat: TÁJİRIBELİK

сын. Тәжірибеге қатынасты, байланысты.

Өзіне арнаулы тәжірибелік қой алып берсек, ол туралы сіз осы жерден келісім алып келсеңіз деп ем (С.Бегалин, Уақыт.).

Қазіргі уақыттағы бірқатар тәжірибелік зерттеулер жаратылыста табиғи сұрыптаудың барлығын дәлелдейді (Жалпы биология).

Биология кабинетін ұйымдастыру тәжірибелік жұмыстарды алдын ала дайындап кетуге мүмкіндік туғызды («Қазақст. мект.»).