ТӘЖ

lat: TÁJ

зат. сөйл. Таж.

Ғұмар хан тәж киіп, Әмір Әлмұсылман деген сөзді ойдырып мөр жасатып, Шыңғыс хан мен Әмір Темірге еліктеп маңызданыпты. Тоқай төре Бұхараға барып, Әмірден бірнеше жүз құрама әскер алып, Түркістанға қайта барса да, жолы болмай, тағы да қашып құтылыпты. Ақырында Бұхара ханы Нәсіралла Тоқай төренің басын алыпты (М.Дулатов, Шығ.).

Қыс, күз болмас оларға көңілсіз шақ,

Оқу біліп айырар қара мен ақ,

Өнерленген дүниеге ұстад болған,

Қолдарында олардың тәж бенен тақ (М.Жұмабаев, Шығ).

Хан отырды тағында тәжін киіп,

Еңгезердей денесі сөл иіліп,

Шын сұлуға сабыры кімнің жетер,

Ұлпа аруды алғанша жаны күйіп (Е.Бердин, Қанды асу).