lat: TÁN
ир. зат. 1. Адамның денесі, тұла бойы.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтын да мен емес – бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Етің етке тигенде, демің тиіп сүйгенде,
Тән шымырлап, бой еріп,
Ішім оттай күйгенде (Абай, Тол. жин.).
Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Малмаңдай болған жұқа жейде тәніне жабысып қалған екен (Қ.ЬІсқақов, Бұқтырма.).
Тіпті кейде одан да өзге сезімдер
Махаббатқа бастап бара алмайтыны белгілі,
Махаббат ол – жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі (М.Шаханов, Ғасыр.).
2. Ер адамның жыныс мүшесі.