ТӘН

lat: TÁN2

сын. Біреуге, бір нәрсеге қатысты, телулі.

Баяғы тіп-тік сұңғақ денесі толысьш, тұла бойында егде тартқан адамдарға тән байсалдылық та бар сияқты (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.).

Қашан Сұлтанмахмұт қайтқанша Шакизат өзін осылай қатал, қазақ қыз-келіншектеріне тән тамаша иба-әдештен ұстаған еді (Д.Әбілев, Арман.).

Әр гүлдің өзіне тән әдемілігі, өзіне тән көркі бар (М.Гумеров, Сүйе ме.).

Жақсылыққа жанымды тән етемін,

Айта қалар сол шығар дәнекерім.

Бірақ, достым, ұмытпа, қастық етсең,

Найзағайы бұлттың да бар екенін (К.Салықов, Жезкиік.).