lat: TÁRELKE
[ор. тарелка] зат. Тамақ құйып ішетін жиегі көтеріңкі, түбі жайпақ дөңгелек пішінді ыдыс.
2 жыл 10 айлық бір бала тәрелкеге су құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен (М.Жұмабаев, шығ.).
– Өзің не, ұмыттың ба, баяғы күндеріңді? Есіңе түсірші, тәрелке іздеп, күнімен дүкен аралағанымызды (Р.Тоқтаров, Терістік.).
Үш темір тәрелке, үш қалайы қасық пен крөжкені аспазшы әкемізден қолқалағандай ғып сұрап алдық (Ө.Қанахин, Өз ақылы.).
Таң атпай жатып екі жүз грамм арақ ішіп, бір тәрелке ет жеп апсың ғой (Р. Райымқұлов, Бұрылыс.).