ТӨҢКЕРУЛІ

lat: TÓŃKERÝLİ

сын. Төңкерілген, асты үстіне қаратып аударылған.

Айналада төңкерулі қазандай іркес-тіркес ұсақ төбелер (З.Асабаев, Жарыстың ұлдары).

Көк теңбіл, боз ала, қара жолақ доп-домалақ қарбыздарым төңкерулі кішігірім қазанға ұқсайды (Ө.Қанахин. Жер басып жүрсем).

Сосын төбесіндегі төңкерулі кесеге екінші кесені алшысынан қойды (Ш.Смаханұлы. Қыр сыры).