lat: TÓBELİK
зат. 1. Бір заттың төбе тұсы, ең жоғарғы жағы.
Дөңгеленген дәл төбелігіне жарқыраған мөлдір хрустальдан шыр айнала сырға таққан (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
Бұл кезде күн көтері ліп, төбелікке кеп қалса да, жер әлі ақ қырау (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн.).
2. сәулет. Арканың, архитравтың, слезниктің және т.б. архитектуралық жолмен кеңейтілген төменгі беті.
3. Театр сахнасының жарық түсіруші құралдары ілінетін орын, жер.