lat: TÓGİP-SHASH
ет. Шашып-төгу, ысырап қылу.
Астық ұрламақ түгіл, бір уыс дәнді төгіп-шашпай дер кезінде жиып-теріп алуға жұмылған ауыл адамдары бел шешпей еңбек етіп жүр ғой (Т.Мизамбеков, Ұзақ жаз).
Ауылдан ұзап үлгермей, ішіндегісін төгіп-шашып бидонды басына төңкеріп жатқанын көрсе, Орал мен Алмагүл қалай ұрсар еді (М.Қожахметов, Күннің алтын сынығы).
Көкем тамақты асықпай, төгіп-шашпай ішкенді тәуір көреді (Тұлпар).