lat: TÓL
зат. Малдың, жануардың жаңа туған құлыны, ботасы, қозысы, лағы.
Берекесі кеткен ел, −
Суы ашығын батпақ көл.
Құс қаңқылдап жағалап,
Сулай алмас жазғы төл,
Оның суын ішкен мал,
Тышқақ тиіп аспас бел (Абай, Тол. жин.).
Үйткені, жас төлдерді енелерімен бірге жіберсе таптап кетеді (Т.Жармағамбетов, Сентябрь түні).
Мотордың даусын есіте-есіте шаршадым,
Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым.
Жабағы үйді ақ жауын түтіп тұрғанда
Отырар ма еді түтінін жұтып аршаның! (М.Мақатаев, Шығ.).
Осы көшкен ел сәуір жұлдызын бауырда өткізіп, малы ащыға, адамы аққа қанып, төрт түлік малдың төлі әбден аяқтанып, асыр салып, енді жайлауға шықпақ үшін қайта көшті (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).