lat: TÓL
сын. Жеке өз басына тән, біреуге меншікті, байырғы.
Сырт кейпі яки тіл жағынан да қазақ әдебиеті өзінің таза, төл қалпын сақтаған (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).
Қайта олардың бәрін халықтың музыка өнері өз бойына сіңіріп бірте-бірте төл туындысы етіп жібереді (І.Омаров, Серпін).
Дәл осындай тамаша үлгі тың өлкенің төл ісіне айналып жүр (Қ.Боранбаев, Дала дастаны).
Жел жақтан орын алған. Төлеген домбыраның құлағын қайта бұрап, төл шығармаларын орындауға кірісті (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).