lat: TÓMEN
үст. 1. Жоғарыға, биікке қарама-қарсы жақ, еңіс.
Ол шал сөзіне құлақ салды,
Көзін төмен жіберіп, аз ойлады.
Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,
Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды (Абай, Тол. жин.).
Пәуескеден Дәмегөй түскенде ғана танып, биік қорғанның топырағынан төмен домалады (А.Тоқмағамбетов, Жыр.).
Жарқынбек жалма-жан ұзынтұраға бұрылып еді, ол ештеңе естіп-білмеген жандай басын төмен салып үнсіз отыр екен (С.Байхонов, Ең ыстық маусым).
2. ауыс. Ой, ылди, етек.
Дегенмен арқардың аз бөлігі төмен түспей-ақ сол биік шыңда қыстап қалатындығы байқалады (Қаз. аң байлығы).
Алатаудың белуар тұсынан жалғыз-жарым от жылтырайды, ол ақыр күзге дейін төмен түспей отырған малшылар болса керек (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).
3. Өзен ағысының аяққы бөлігі, төмен жақ.
Ауыл үсті уда-шу, шұғыл хажы жылқыны төменге – Үйшікке айдатамын деп еді (X. Есенжанов, Тар кезең).
Түбі көрінер меруерт су төменге қарай толқи зырлап ағып жатыр (С.Шаймерденов, Мезгіл).
Қаратаудың құзынан
Аяңдап түстім төменге,
Сарқырап аққан бұлақтар
Басып жатыр өлеңге (О.Шипин, Дастан.).
4. ауыс. Көңілдегідей жақсы емес, нашар. Жолдастар, меніңше біздің басшы жолдастардың ұйымдастыру қабілеті төмен (Ә.Нұршайықов, Тың астығы).
Олар білім жағынан Шоқаннан әлдеқайда төмен (С.Мұқанов, Аққан жұл-дыз).
Облыс көлемінде егіліп жүрген қарбыз сорттары пайдалануға тиімсіз, әрі сапасы төмен (А.Алманиязов, Қазақст. қауын.).
Бәсекеменен бұл кезде
Мал жиған пасық байлар көп
Пейілі төмен жалшыдан.
Жаздырмай қолын жоқшылық,
Кетпеген кімдер кіжініп,
Кемтаршылық зарпынан (Базар жырау, Шығ.).
Артта қалған, деңгейі пәс.
Тіршілікте төгіп жүрген тер күнде
Толып жатқан сырлары бар ердің де.
Өзінен көш төмен тұрған адамға
Қызғанышпен қарағанын көрдің бе?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Жер де ұмытқан беліндегі жараны,
Ел де ұмытқан көңілдегі наланы.
Жоқ адамның биігі мен төмені,
Жоқ адамның жақсысы мен жаманы (C.Жиенбаев, Алтын қалам.).