ТӨМЕНДЕТУ

lat: TÓMENDETÝ

Төмендет етістігінің қимыл атауы. 1. Деңгейін түсірту.

Жер асты суын қажетті тереңдікке төмендету қажет (М.Ерлепесов, Суармалы егін.).

2. Азайту, кеміту.

Суды қайнатып, оның кермектігін төмендетуге болады (Т.Мұсақұлов, Өсімдік. анат.).

2. ауыс. Нашарлату, сапасын түсірту.

Өз аяғымен жайылған мал қарны тоқ болса, қондылығын төмендетуге тиісті емес (Ә.Ысқақбаев, Жетекші шопан).

Өнімнің өзіндік құнын шұғыл төмендету арқылы табыс көзі молайтылуда (С.Қалиев, Еңбек ерені).

Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады (Б.Жүнісов,.. Нарықтық экономика негіз.).

3. Бәсеңдету, әлсірету.

Неон электротекхикада ток кернеуін төмендетуші ретінде және т.б. мақсаттарға қолданылады (А.Мырзабаев, Химия қызығы).

4. Бағасын түсірту, құнын азайту.

Осы тұрғыда тұрғын үй құнын төмендету, ипотекалық несиенің қайтарым мерзімін созу, төлемақы жарнасы мен несие ставкасын төмендету қажеттігін баса көрсетті («Жас Алаш»).

Бұл арада әңгіме оларды жасанды түрде жоғарылату немесе төмендету туралы болып отырған жоқ (Б.Жүнісов, Нарықтық экономика негіздері).

Кен орындарын ашық әдіспен қазу, жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етумен, кеннің өзіндік құнын төмендетумен қатар, өкінішке орай, табиғи ортаның күрт өзгеруіне де алып келеді. (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен).