ТӨРТ-ТӨРТТЕН

lat: TÓRT-TÓRTTEN

үст. Төртеу-төртеу етіп, төртеулеп.

Енді біздің көзіміз де, құлағымыз да төрт-төрттен болатын болды (Т.Жанұзақов, Азаматтар).

Үшке бөлген моншақты төрт-төрттен жұптап, қалғандарын алға шығарып, кәдімгі қазақша «құмалақ» тарттым (С.Бақбергнов, Қарға тамған қан).

Жүз басыларға айт, адамдарды төрт-төрттен сапқа тұрғызып, жолға шықсын (М.Жұмағұлов, Қыран қазасы қияда).