lat: TÓS
зат.1. Адамның, жан-жануарлардың қабырғасын біріктіріп, кеудесін құрайтын кеуде мүшесі, көкірек, омырау.
Бұрын сенің төсіңнен тарының иісі шығушы еді, енді уыз сүттің буы бұрқырайтын секілді (С.Ләмбеков, Әке жолы).
Қыңсылап екі аяғын төсіме артып тұрып алды (Қ.Омаров, Әке).
Ұрғашы пілдің төс жағында екі емшегі бар, еркегіндей сыртқа шығып тұрған тісі болмайды (М.Дулатов, Шығ.).
Екі енені тел емген
Күпшек санды күреңмін.
Төсімен тартса жетпейтін ,
Жуандықтан айылы.
Өзімдей-ақ ұл туар,
Бір адамның зайыбы (Базар жырау, Шығ.).
2. ауыс. Әйел жыныстылардың омырауы, анары.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді,
Иіскер ме едім жалаңаш (Абай, Тол. жин.).
Қыздың төсіне, мойнына, бетіне сұқтана қарап тұрған қара дәу «қы-қылап» күліп жіберді (Б.Мұқанов, Өмір арнасы).
Ақ бұлақ сыңғырындай үзік-үзік,
Оң болғай «чоң» аға дер тілі қызық.
Қараймын қос анарға ақ төсінде,
Алардай қолым емес, тілім үзіп (К.Салықов, Жезкиік.).
3. этн. Ал төс аталатын мүше, күйеу мен ұзатылған қыздың сыбағасы.
Табақтың ішіне төс салынбаса, күйеу өкпелеген. Ұзатылған қызға сүрленген төс жіберу де міндетті болып есептелген (С.Мұқанов, Қазақ қауымы).
Күйеу деп бұған төс тартып,
Шашу шашып қатындар.
Алып жатыр кәдесін (О.Шипин, Дастан.).
Жабағы ма? Түбіт пе?
Отырады ескеріп.
Күйеу болар жігітке
Алдын ала төс беріп (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).
4. ауыс. Тау мен төбенің беткей жағы.
Қонады бір күн жас бұлт,
Жартастың төсін құшақтап.
Жөнелді ертең, қалды ұмыт,
Көк жүзіне ойнақтап (Абай, Тол. жин.).
Досай аулынан аттана шыққанда таудың төсі тұтасынан күңіреніп кетті (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Оның бірі алысқа, шәкірт күніндегі арманын бастаса, екіншісі туған жердің төсінде қалдырмақ (А.Бекбосынов, Ауылым әнім менің).
Сәлем ал, Тәнекенің Есімбегі,
Жоңғардың шоқысындай төсіндегі.
Жоғалған ат ізімен келіп қалдым,
Өлеңмен арыз айтып көсілгелі (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
5. Кеменің алдыңғы жағы.
Толқындар аузынан ақ көбігі шұбырып кеменің темір тұмсығын,төсін жалайды (М.Жұмабаев, Шығ.).
Ешкімнен ол ықпайды,
Қаһарын төгіп болған соң.
Төсінде бұлттың ұйықтайды (С.Сейітов, Алуан-алуан).
Андыз-андыз ақша бұлттар аспан төсінде жатқан ақ бота сияқты (Ғ.Оралбаев, Рауан).