lat: TÓS
зат. Үстіне темір қойып соғуға қолданылатын ұстаның құралы.
Тістеуік, кішкентай төс, балға, егеу, желімін қасына қояды (Ж.Молдағалиев, Айналайын атыңнан ).
Қуаты бойға толған соң. Карл үн-түнсіз кеп қызған темірді төске салып тарсылдатып соға бастады (С.Мұратбаев, Жабайы алма).
Дүкеннің қақ ортасында түйенің төрт табанындай төс темір тұрар (Ер есімнің еңбегі).
Енді бірде қарт ұста қып-қызыл темірді төске салып, сом балғасымен соққылап жатты (Б.Тәжібаев, Қараторғай).