lat: TÓSEKTİK
сын. Төсек боларлық, төсекке жарарлық.
Жуқан жалға төсектік орын табуға арғы-бергі беттерге талай барғанмен, тағы да қарындасы Биғайшаны пәтер іздеуге жұмсағанын, өзі де үй көздейтінін ұқтырды шалға (Қ.Құрманғалиев, Атырау ару).
Қалған қыз-жігіттер орны қамдап, төсектік сәкілерді шегелеп, жанталасып жатыр (М.Қабанбаев, Кермек дәм).
Сайрам ауданында 80 төсектік тубдиспансердің ірге тасы қаланбақшы («Жас Алаш»).