ТӨЗІМ

lat: TÓZİM

зат. Шыдам, тағат, сабыр.

Ағасының төзіміне қайран, қан-сөл жоқ, тістерін шықырлатып, безеріп отырды да қойды (Ә.Тарази, Басынан Қаратаудың).

Патшалық төзімінің жойылуымен бірге памещиктердің мүддесін қорғап келген күш те жоғалды (М.Шоқай, Таңд.).

Кешіні мен баласы үйден шығып бара жатқан соң, төзімін кесіп шал да орнына тұрды (Ә.Бөрмев, Ақ бидай).

Арман шіркін ол кәдімгі ұшқан ат,

Төзім шіркін үзілмейтін шапағат!

Үш этажды үй тәрізді қуаныш,

Ғұмырым да болса деймін үш қабат! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).