lat: TÚIİRTPEK
зат. 1. Түйінделіп қалған, буылтық зат.
Екінші рет жұмсалған өрме қамшының түйіртпек ұшы бастан сарт ете түсті (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.).
Оның астын жұмсағырақ етуге тырысып, түйіртпек бірдеңе болса қолымен жазып сипап отыратын (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
2. ауыс. Жайсыз хабар, дөрекі сөз.
Кенжетай түйіртпегі бар бір сөзді айтқысы келмесе де жасыра алмады (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).
Көптен бері, көкіректі түйнеп жүрген бір түйіртпек тарады (Ж.Мусин, Үміт).
Бірақ өзін-өзі қалай жұбатса да, жүрегінің басында түйіртпектеліп, бір зілді нәрсе жатыр; ол түйіртпек арқандаған аттай, қуаныштың құлашын жаздырмайды; бер жағы бұған да шүкіршілік етсе, ар жағы бұлт құрсаған күндей жадырмайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).