lat: TÚISİK
зат. 1. Сананың, ақыл-ойдың тітіркенуі арқылы болатын сезіну қабілеті.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей өсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды (Қ.Жарықбаев, Психология).
Баланың мінезі, денсаулық күйі, түйсік танымы сол сәби шағынан қалыптаса бастайды (С.Байжанов, Сыр.).
Суға түйіле жаздадым. Табиғи түйсіктен бе, әлде су бетінде көнбей сұлаған көлеңкеден бе – оқыстан шошып еңсемді жаздым (Д.Досжанов, Келіншектаудағы тас түйелер).
2. псих. Адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.
Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы (ҚҰЭ).
Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы (ҚҰЭ).
3. ауыс. Ақыл-ой, сезім, зейін.
Нәдір де қазір Оңғардың ойын, түйсігін сынмен, сырмен өлшеді (Б.Тоқтаров, Тауда.).
Шоңның ауыр қабағы қозғалмады.
Ол көзін ашып жан-жанарын салмады.
Дүниені түйсігімен көріп отырғандай (Қ.Исабаев, Серт).
Тегін нәрсе болмау керек тек деген.
Тек туралы түйсігім бар ептеген.
Терек болса менің арғы, арғы атам,
Түбінде мен қайың болып көктемен (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).