ТҮКТІШӨП

lat: TÚKTİSHÓP

зат. өс. <лат. eriochloa> Астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.

Түктішөптің негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездесетін 25 түрі белгілі (ҚҰЭ).

Қазақстанда Жайық өзенінің су жайылымындағы шабындықтарда өсетін 1 түрі қысыңқы түктішөп (E. succincta) бар (ҚҰЭ).