ТҮН

lat: TÚN

зат. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы, қараңғы бөлігі.

Шаңқай түсте өткір алтын күн сұлу,

Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу,

Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,

Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу! (М.Жұмабаев, Шығ.).

Түн сықылды тым түнеріп,

Көзді тартып байлама.

Күндізі бол, байқасын жұрт

Келгені мен кеткенін (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Болғанда уағдалы үшінші күн,

Қыз келді күндегідей бұған соң түн.

Отырды түк көрмеген кісідей боп,

Бұл қыздан тауып алып балталық мін (Ә.Найманбаев, Шығ.).