lat: TÚSÝ
Түс етістігінің қимыл атауы.
1. Көліктен шығу, аттан түсу.
Көрген адамым тәрізді ме, қалай? деп ол таңдана арбадан түсу қамына кірісті (М.Сүндетов, Ескексіз.).
2. Оқуға бару, қабылдану.
Институтқа түсу үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру керек (Б.Бұлқышев, Адамзат.).
3. Негізгі етістікке қосылып, тез, шапшаң өткен қимылды білдіреді.
Тұйғын мен сұңқар ұша бергенде сыпыра қағып түсуге, көтеріліп кеткен құсты қуа жетіп, іліп түсуге бейім болса, лашын мен мен ителгі – қуған құсының үстіне шығып ап биіктен теуіп, басынан бүруге ыңғайлы (Р.Ә.Әлімбаев,..Құстар.).
4. Қызметтен босау, айрылу.
Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметгің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді (ҚР Конституциясы).