lat: TÚSTİK
зат. геогр. Солтүстік бағытқа қарама-қарсы жатқан төрт құбыланың бірі, күнгей жақ, оңтүстік.
Жабайы барбарис СССР-дің Европалық бөлігінде, Қазақстанның түстік жағында көп кездеседі (С.Сұбханбердин, Өсімдік – дәрі.).
Көріндің маған түнекте – жарық өкпе тұс болып түстіктен,
Сөйлейді сенің тіліңде барлық құс біткен.
Күйдіріп те ала жаздадым кейде мен сені
Жүрегімдегі ыстықпен (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Бұхардай буып-түйіп айта алар ма
Бір сөзін бүкіл ру тайпаларға,
Тоқтаған қашқан керей, босқан арғын,
Жүре алмай
Қыпшақ жүгін тартқан арба.
Түстікте Үйсін-аға, батыста
Әлім – Сөзімен шешкен түйіп шатысқанын,
Жүгінткен Абылайдың алдына әкеп,
Тоқтатқан ағайынның айтыстарын (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Рахманнан басқамыздың бәріміз бақшаның түстігіндегі төбеге шықтық (Ә.Қалдыбаев, Шаншар.).
Түстікке кетпек болып топтанып жүрген үйрек иісі де шығады... (М.Жұмабаев, Шығ).