lat: TÚTİK
зат. 1. Іші қуыс, сырты жұмыр, жіңішке құбыр.
Түтік – бутартқыш (Ө.Жәнібеков, Жолайырықта).
– Қазір түтіккебу жіберіп көрейік те, іле-шала аммиак жіберейік («Лен. жас.»).
Кейбір шыңыраудың суы жеті қат жер астынан кең түтік арқылы алынады (Ғ.Сланов, Замана).
Оттығы қып-қызыл болып, шоқтығындағы жіңішке түтіктерінен пысылдап бу шығып тұрған паровоз ішін тартып қалғандай болды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Түтікпенен су беру – мал, жануарды емдеу, күтудегі тәсіл. Құлынды 40 күн қысыр емізіп, оған қызыл дәрі жегізіп (Ж.Мырзабеков,.. Қаз. дәст. малдәрігер. дерек.).
2. саят. Құстың ішін шаю үшін, су беру үшін тырна жілігінен немесе ағаштан бір басын жайпақ ауызды етіп жасаған түтік (А.Сейдімбеков, Аққыз, 240 б.).