lat: TÚZİLİM
зат. әдеб. 1. Бір нәрсенің құрылымы, мазмұны.
Дастанның композициялық түзілімі ұтымды, нақты-нақты көрініс-оқиғалар арқылы майдан ақиқатын пионерлер ұғымына лайық баяндаған (М.Әлімбаев, Қалам.).
2. геол. Қосынды, түзіліс.
3. Су, жел, мұз, организмдер сияқты түрлі табиғи факторлар әртүрлі тау жыныстарына әсер етіп, оларды бұзады. Осындай мүжілу мен үгілу нәтижесінде әртүрлі шөгіндітүзілімдер қалыптасады (К. Сапарбайұлы, Геология.).
Сонымен, жыныстардың өңі белгілі дәрежеде осы түзілімдердің минералогиялық құрамын да көрсете алады (К.Сапарбайұлы, Геология.).