ТҮЗЕУ

lat: TÚZEÝ

Түзе етістігінің қимыл атауы.

Жанабіл қабырғадағы бу, су трубаларын бақылай жүріп, бүлінгенін түзеуге екі адамнан қалдырып отырды (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

Кішкентай Кентай қолына автоматын алып, томпалаңдап, үзілген линияны түзеуге жөнелді (М.Ғабдуллин, Сұрапыл жылдар).

2. ауыс. Кемшілігін жою, жөнге салу.

Достың мінін бетке айтып, оны түзеуге көмектесу шын достық (А.Байтанаев, Болат).