lat: TÝBERKÝLEZ
[лат. tuberculum] зат. мед. Адам мен жануарлардың өкпе, бауыр, сүйек т.б. органдарын зақымдайтын, созылмалы, жұқпалы ауру.
Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұз. 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. туберкулез ауруы көне заманнан белгілі (ҚҰЭ).
Тек туберкулезден жер шарында жылына 3 миллион адам өледі (Е.Оразақов, Қайта соқ.).
Туберкулез ауруы ұзақ уақытқа созылатын, жұқпалы аурудың бірі (Ш.Қалықов, Қой мен ешкі.).
Мұның туберкулез сырқаты бар адамдар үшін пайдалы екені ертеден-ақ мәлім болған (С.Сұбханбердин. Өсімдік-дәрі дәрмек).
Жас кезінд оң қолының шынтағынан сүйек туберкулезі болып, қолы жазылмайтын (Қ.Қайсенов, Сол бір жылдары).