lat: TÝFLI
зат. Әртүрлі формада тігілетін ерлер мен әйелдердің қонышсыз, өкшелі аяқ киімі.
Аяғында көнетоз жайпақ табан туфли (Р.Райымқұлов, Жасыл белес).
Қатира сәл айланып тұрды да екінші бөлмеде жалтылдаған қара туфли әкелді (К. Жүнісова. От пен гүл).
Автобусқа лап беріп
Кимелейміз.
Кимелейміз,
Басқаға тиме дейміз.
Туфлиді сұға сап,
Пальтомызды,
Үйге жете бергенде түймелейміз (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).