lat: TÝMA
зат. сөйл. 1. Туыстығы жақын, аталас адам, туыс.
Күйеу жігіттің әкелері мен жанашыр тумалары да жетті (Ә.Кекілбаев, Дала.).
Оқудан келген жас жігітті әуелі ағайын, тумаларына апарады (Ә.Нұрпейсов, Қан мен тер.).
2. Сол өлкенің, мекеннің адамы.
Бұл сұрақты мұнан бұрын осы өңірдің талай тумасына қойғанбыз (Қ.Боранбаев, Дала дастаны).
«Қазақ батыры Мәжит Жүнісов кім?» деген мәселеге келсек, ол – Орал облысы. Жаңақала ауданының тумасы, Днепр өзенінен өткенде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы желтоқсанда Кеңес Одағының батыры атағын алған («Жас Алаш»).
3. жерг. Нәресте, сәби. Әкемнің тумасы болғандықтан еркінсіп кетсем керек (Т.Қажыбаев, Айналайын атыңнан).
Әлгінде жиналыста біраз жесірлер, олардың тумалары, жақындары отырды (М.Қуанышбаев, Жалғыз жиде).