ТУРА

lat: TÝRA

сын. 1. Ешбір ауытқусыз, түзу, бұрылмастан, тіке.

Ол бізді жолсызбен бірекі шақырымдай жерге шығарып салып, тура жолдың үстінен бір-ақ түсірді (С. Мәуленов, Шыңдағы шұғыла).

Сендерге өтірік, маған шын, бір аю тура маған қарай келе жатыр (М. Құмарбеков, Асау Ертіс).

Жарлы менен жақыбай намысты ойлап,

Артып берді екі тең қамыс байлап.

Тілсіз жауға тірексіз тура тартса,

Жылым жұтып, жігіттің бағы ұшпай ма? (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Дәл, нақ.

Тіршілік түгесілмепті. Тура бес жылдан соң, үзіліп қалған іске қайта кірістім (М.Мағауин, Мен).

Ертеңіне Жәнібек пен Мәди сағат тура тоғыз жарымда аэродромға жетті (Қ. Жұмаділов, Көкейкесті).

Осы балалар үйінің құрылғанына биыл, міне тура қырық жыл болыпты (Б. Тоқтаров, Қыран.).

3. ауыс. Қара қылды қақ жарған әділ, дұрыс.

Ал той болатын үйді қызылды-жасылды электр шамдарына тура төбесінен етегінедейін көміп тастайды (Т.Ахтанов, Үндістан хикаясы).

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ (Қаз. мақал.).

Біз тура, ақ жолдан бұрыламыз, сіздердің тілегіңізді қылсақ деп кадет Сібір депутаттары бізге жауап қайырды (Ә.Бөкейханов, Шығ.).