ТУША

lat: TÝSHA

зат. Бір жасар ұрғашы ешкі; өткен жылғы лақ.

Тыпыңдаған ұрғашы туша екі мәрте аунап түсті (Д. Досжанов, Табалдырығыыңа табын).

Әлгінде жолда кездесіп, Аян кеп жатыр, бір сары туша бар еді, соны сойып беретін де кісі жоқ (Жүздесу).

Құдай-ау, қыз бергенше, қызыл туша берсейші (З. Иманбаев, Дала әңгімелері).