lat: TÝYP-ÓS
ет. Дүниеге келіп, ер жету.
Кісінің туып-өскен жері қымбат,
Үйренген бала жастан елі қымбат.
Ата-анаң, аға-жеңген қадірлеген
Тебіскен құлын-тайдай теңі қымбат (М.Дулатов, Шығ.).
Жайлап, қыстап бала жастан мекен етіп, туып-өскен ерде қандай арман болды екен? (Ғ.Сланов, Алтай баласы).
Абай ауылында туып-өскен ел шежіресі мен жер тарихын көп білетін (Қ.Бақаев, Өнерлі өрге жүзер).
Адамның кіндік кесіп, кір жуған туып-өскен жері қандай ыстық (М.Тоқжігітов, Куәгер).
Туып-өскен көрікті жерім Қордай,
Егін салып, далаға малым сыймай.
Тұрмысымыз тамаша, қызықты өмір,
Кененің қайта тұрып әнге салды-ай! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).