ТУЫСҚАНДЫҚ

lat: TÝYSQANDYQ

зат. Туыстық, бауырлық.

Бостандық, теңдік, туысқандық болғаны рас болса, біз: қазақ, бурят, енді бұл зорлыққа көнбейміз (Ә.Бөкейханов, Шығармалар).

Міне, біздегі асқан достық пен туысқандықтың сыр сипаты осындай (З. Қабдолов, Сыр).

Мұнда туысқандық достығы, еңбектегі ұйымшылыдығымен ынтымағы жарасқан он бір ұлттық өкілі тұрмыс құруда (С. Ғабдуллин, Өрлек жылдары).

Е, үйге тарпай, осы екі ортада туысқандықтарың ұстамай-ақ қойса қайтеді ? (Ә.Ибрагимаов, Наз).

Қалып тұр қазағымнан туысқандық,

Заман ба, пенде азды ма суысқандық (Ә.Найманбаев, Шығ.).