lat: Tárbıe ádisteri.
пед. Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған, балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейтін тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).