lat: Tárbıesin [tárbıesine] aldy.
Біреуді тәрбиелеуге келісім берді, тәрбиеледі.
Оны Оспанның туған ағасы – Мақажан тәрбиесіне алды (С.Мұқанов, Есею жыл.).
Үлкен Плиний оны өз тәрбиесіне алып, білім үйретеді (Н.Баяндин, Геогр. ашу.).
Сөйлейін Пушкин жазған оқиғасын,
Байқасаң, айырасың нәтижесін.
Ержетіп іс білген соң Онегин ер,
Адамнан артық алған тәрбиесін (Ә.Найманбаев, Шығ.).