lat: Tómengi satydaǵy ósimdikter.
бот. <лат. thallophyta> Вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбейтін, құрылысы қаттамалы өсімдіктер.
Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғ-дың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді (ҚҰЭ).