Төрге озды

lat: Tórge ozdy [shyqty].

а) Жоғары шықты, төрге барды.

Жұпаркүл аяғын еппен басып, төрге озып, қамшысын керегенің басына ілді (Қ.Нүсібалиев, Қарымта).

Балжекең төрге шықты маң-маң басып,

Тіліне ұлы орыстың болған ғашық.

Қаланың тәртібіне қайшы келмей,

Бастықтың қолын алды, хал сұрасып (О.Шипин, Дастан.).

Ықтайтын жерде ықтайды,

Бұғатын жерде бұғады.

Сен ұққан сөзді ұқпайды,

Шықпайтын төрге шығады (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

ә) Кеңінен орын алды, қалыптасты,

Енді міне мектеп бөлек.

Үй бөлек,

Төрімізге шықты заман кимелеп.

Енді қазір Еттің нанын келіңдер,

Оқтау емес,

Бутылкамен илемек! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).