lat: Tún ortasy
Жарым түн; өте кеш.
Онысы түн ортасы болған заман,
Сұм екен талай жанды әуре қылған.
Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң,
Әзім барып жығылды шалқасынан (Абай, Тол. жин.).
Той бітті, кеш те жетті қол ұстатар,
Кәде көп, ырымы бар, шаш сипатар.
Болғанда түн ортасы қызды қамап,
Сыпылдап сөйлеп отыр жас қатындар (С.Торайғыров, Танд. шығ.).
Ұлбалаға уақыт түн ортасы сияқты көрінді (Ә.Нұрмаханова, Ұлбала).