Түтіндік салды

lat: Tútindik saldy.

Қорадағы малды, қойды шыбын-масадан қорғау үшін бықсып жанған отын, тезекті түтіндетіп қойды.

Түтіндік салмаған түні жайдақ қорадағы қой-ешкі мен арқандаулы сиырлар маса-шыбынға шыдай алмай өкіріп-бақырып аспанды басына көтеріп шулап шықты (Ә.Сараев, Ақ тымық түн.).