Туған күн

lat: Týǵan kún.

Адамның дүниеге келген күнін тойлау салты.

Менің туған күнімді қайдан білдіңіз? деді Мағрипа отырып жатып (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).

Портсигарды менің туған күніме арнап сыйлады (Р.Райымқұлов, Қыз айна).

Туған күнің құтты болсын, сүйгенім,

Сен жоқ кезде түспейтіндей үйге күн.

Сен жоқ кезде сөз болып па күлгенім,

Сөз болып па ішкен-жеген, кигенім! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).