lat: Tý syrty.
Адамның, үйдің т. б. сырт жағы, арқа тұсы, арты.
Қашнайьш есікке ту сыртын бере ыдыс-аяқ жуып отырған (Ш.Құмарова, Қос шынар).
Әбдікен сақтықпен жылжып, жартастың ту сыртына шықты (Б.Нұржекеев, Күй.).
Шыңғыстың ту сыртында отырып та бұлжытпай айтып бере алатын осы ұрылар (М.Әуезов, Таң. шығар).
Қойын сойып, қолдарын қусырды да,
Дұшпандарын жіберді ту сыртына.
Қақпа бола алмаған қайран елге,
Қауқары жоқ күндерің құрсын мына! (М.Мақатаев, Шығ.).
Ту сыртынан келіп қалған күшті аңғармаған дұшпан қатты састы (Т.А).